Бейсенбі, Сәуір 25, 2024

                                                              Туған жерге тағзым!                                                                                 

     Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  мақаласында  «Туған жер»  бағдарламасын  жүзеге  асыру – жүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың қасиетті парызы екендігі айтылған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің арнайы тобы «Туған жерге тағзым»  жобасын іс жүзіне асыру мақсатында Алматы облысы Сарқан ауданында болып қайтты.

Аталған бағдарлама аясында, Қыздар университетінің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі департаментінің директоры Ж.Сұлтанова бастаған топ, өзінің үш күндік танымдық сапары барысында округтің Ақтұма, Черкасск және Қарғалы ауылдарындағы орта мектептерде болып, оқу орындары арасында байланыс орнату жөнінде келісім жасасты.

Сапарды Ақтұма ауылындағы Петропавл орта мектебінде бастап, мектеп директоры Бауыржан Ибрайымовамен, келесі күні Черкасск орта мектебінің директоры Адильгапаров Жандос Амангелдіұлымен, соңғы күні Қарғалы  орта мектебінің директоры Хасен Бақытпен екі жақты байланыс жөнінде келісімдер жасалды.

Іс-сапардың негізгі бір бағыты – сол мектептерде Университеттегі «Ұмай Ана» клубының филиалын ашу болатын. Мұндағы басты мақсат – салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін, ата-ана сыйлайтын, шынайы жан-жақты дамыған, алған білімін тәжірибе жүзінде ұштастыра білетін қыздарды қалыптастыру сондай-ақ, әдеби шығармашылықпен айналысатын талантты қыздардың туындыларымен танысып, оларға жол сілтеп, қыздар университетіне түсуге шақыру болды.  Қазақ  халық мен түркілердің «Ұмай Ана» түсінігінде әйел тегіне деген текті ұғым жатыр. Ежелгі түркілердің аңыздық желісінде «Ұмай Ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште болып саналған,аналарды жебеуші мейірімді рухани  күш болған. Киелі ана атымен   аталған 3  мектепте де  «Ұмай  Ана» үйірмесінің филиалын ашу рәсімі өтті. Мектеп басшылары  бұл ұсынысты өте жылы қабылдады.

Жұмысымыздың келесі тармағы – мектеп оқушыларын Университет өмірімен және даярланатын мамандықтармен таныстыру. «Менің таңдауым неге Қыздар университетіне түсті» атты слайдты презентацияны Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, 4 курс студенті Мұхтар Марина жиналған қауымға әсерлі жеткізді.

Ғылыми кітапхананың бөлім меңгерушісі М.Акимжанова, кітапхана әдіскері Н.Алмекеева «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасы бойынша  «Жаңа гуманитарлық  білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шет тілдерден қазақ тіліне тікелей аударылған кітаптарға  шолу өткізді.

- Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің жолдары мен тәсілдері, оқушылардың өсу процесінде, олардың жас және жеке педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне қарай қақтығыстың себептері мен салдарларын анықтау және оларды шешудің жолдары туралы кеңінен сөз болды.

Бұдан кейін, әр мектептің басшылығымен келісе отырып, мектептің акт залдарында  ата-ана,  ұстаздар, оқушыларға арналған қонақкәде сыйымызды ұсындық. Университетіміздің  «Айтұмар» тобының әншісі, университет түлегі Нұрғожаева Эльнур, «Томирис» би ансамблі және  дәстүрлі әншісі, күйші Жәңгір Алтынай  өз өнерлерін көрсетті.

Қазақ даласы кең байтақ. Оның әрбір тасы мен көлінің тарихы бар. Тарихты бағалау, оны бүгінгі ұрпаққа саралап жеткізу –үлкен борыш. Сарқан ауданына бару осы мақсатта өткізген Университеттің  алғашқы және маңызды сапары болды. Келкшекте осындай іс-сапарлар жалғасын табады деп үміттенеміз.

Туған жерге тағзым!

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  мақаласында  «Туған жер»  бағдарламасын  жүзеге  асыру – жүрегі елім деп соққан әрбір азаматтың қасиетті парызы екендігі айтылған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің арнайы тобы «Туған жерге тағзым»  жобасын іс жүзіне асыру мақсатында Алматы облысы Сарқан ауданында болып қайтты.

Аталған бағдарлама аясында, Қыздар университетінің Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі департаментінің директоры Ж.Сұлтанова бастаған топ, өзінің үш күндік танымдық сапары барысында округтің Ақтұма, Черкасск және Қарғалы ауылдарындағы орта мектептерде болып, оқу орындары арасында байланыс орнату жөнінде келісім жасасты.

Сапарды Ақтұма ауылындағы Петропавл орта мектебінде бастап, мектеп директоры Бауыржан Ибрайымовамен, келесі күні Черкасск орта мектебінің директоры Адильгапаров Жандос Амангелдіұлымен, соңғы күні Қарғалы  орта мектебінің директоры Хасен Бақытпен екі жақты байланыс жөнінде келісімдер жасалды.

Іс-сапардың негізгі бір бағыты – сол мектептерде Университеттегі «Ұмай Ана» клубының филиалын ашу болатын. Мұндағы басты мақсат – салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін, ата-ана сыйлайтын, шынайы жан-жақты дамыған, алған білімін тәжірибе жүзінде ұштастыра білетін қыздарды қалыптастыру сондай-ақ, әдеби шығармашылықпен айналысатын талантты қыздардың туындыларымен танысып, оларға жол сілтеп, қыздар университетіне түсуге шақыру болды.  Қазақ  халық мен түркілердің «Ұмай Ана» түсінігінде әйел тегіне деген текті ұғым жатыр. Ежелгі түркілердің аңыздық желісінде «Ұмай Ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште болып саналған,аналарды жебеуші мейірімді рухани  күш болған. Киелі ана атымен   аталған 3  мектепте де  «Ұмай  Ана» үйірмесінің филиалын ашу рәсімі өтті. Мектеп басшылары  бұл ұсынысты өте жылы қабылдады.

Жұмысымыздың келесі тармағы – мектеп оқушыларын Университет өмірімен және даярланатын мамандықтармен таныстыру. «Менің таңдауым неге Қыздар университетіне түсті» атты слайдты презентацияны Жастар ісі жөніндегі комитет төрайымы, 4 курс студенті Мұхтар Марина жиналған қауымға әсерлі жеткізді.

Ғылыми кітапхананың бөлім меңгерушісі М.Акимжанова, кітапхана әдіскері Н.Алмекеева «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша  «Жаңа гуманитарлық  білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шет тілдерден қазақ тіліне тікелей аударылған кітаптарға  шолу өткізді.

Жаңа кітаптар

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Кітапхана мекен жайы: Алматы қаласы, Әйтеке би қөшесі 99.

Байланыс телефондар: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50

факс: 8 (727) 233 19 25

Рейт<span id=This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." />