Пятница, Апрель 19, 2024

2017 жылдың 3 науырызында Қазақ қыздар педагогикалық университетінің №5 жатақхана филиалындағы оқу залында, Ғылыми кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық әртiсi, қазақ ән эстрадасының ең биік шыңына көтерілген күміскөмей әнші Роза Тәжiбайқызы Бағланованың туғанына 95 жыл толуына арналған «Әуелеп ұшқан ән-ғұмыр» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.


Шараның мақсаты: қазақ музыкасын дәріптеу, жастарға халқымыздың мақтанышына айналған халық әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету.

Университеттің «Педагогика және психология» факультетінің 1 курс студенті Омарова Ақбота әншінің өмiрбаяны мен шығармашылығына қатысты қызықты сәттерiн, естелiктерiн оқи отырып, атақтың шыңына соғыс арқылы шыққанын баяндап берді.


Кеш барысында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің №5 жатақханадағы оқу залының кітапханашысы Спанова Шолпан, әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтып өтті. Сонымен қатар, «Өнер және Мәдениет» факультетінің 2 курс студенттері Роза Бағланованың орындаған әндерінен попурри орындап кеш қонақтарының ықыласына бөленді. Кешке атсалысқан студенттер, Боранбай Назерке, Қансұлтанова Гулмарал, Ашимбаева Жәмилалар өз өнерлерін көрсетті.

Әдеби-музыкалық кешке қатысқан №5 жатақхананың коменданты Айнагүл Бектұрғанова Роза Тәжібайқызымен бірнеше кездесуде болған кезін еске түсіріп, әншімен бірге түскен суреттерін қонақтарға ұсынып, Роза апайдың көпшілік біле бермейтін қырларын көрермендерге әңгімелеп берді. Кеш соңында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің бас кітапханашысы Ә.Қасымбекова Роза Бағланованың өмiрiнiң түрлi кезеңдерiндерiнен фотосуреттерден құралған слайдын, телеэкрандарда көрсетілген концерттерiнен үзiндiлер ұсынды.

Бұлбұл әнші туралы материалдардан жиналған суреттi кiтап көрмесiмен таныстырды.

 

Новинки книг

Авторизация

<< < Март 2017 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />