Четверг, Апрель 18, 2024

Кеше  Ғылыми кітапхананың анықтама-библиографиялық ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен «Магистрант  күні» атты ақпараттық шара өткізілді. Шараға университеттің Ғылым және халықаралық байланыс басқармасының басшысы Г. У.Байташева және К.А.Жакибаева сонымен қатар университет магистранттары, кітапхана директоры Б.Т.Бағашарова және кітапханашылар қатысты.

Кітапхана басшысы  Б.Т.Бағашарова ғылым жолына түскен болашақ ғалымдарға сәттілік тілей отырып, кез-келген ақпараттың  әр сәт  сайын ауысып тұрған заманында  кітапхананың атқаратын ролі зор екеніне тоқталды.  Кітапхана әр уақытта оқырмандардың сұраныстарын  толығымен  орындайтынын,   оқу үдерісіне байланысты магистранттардың ғылыми жоба немесе  берілген  тапсырмаларды  дәстүрлі немесе электронды қордан жылдам табуға болатынын айтып өтті.

Анықтама-библиографиялық және ақпарат бөлімі университеттің ғылыми-ізденіс, оқу тәрбие үдерістеріне сай қызмет көрсетеді. 300-ден астам мерзімді басылымдарды сараптап, мақалалардың электронды каталогын ұйымдастырып отыр. Баспа басылымдарының  200-ден астамы ғылыми жұмыстармен айналысатын оқырмандарға арналған. Мысалы, «Алма-матер», «Инновация в образовании», «Хабаршы», «Высшая школа ХХІ » т.б газет-журналдарды оқырмандар үздіксіз пайдаланады. Бөлімде ғылыми жұмыстардан бөлек магистрлік, кандидаттық жұмыстардың электронды нұсқасы [PDF] форматта дискіге салынып оқырманға ұсынылады.

Аталған бөлімде   көп жылдан бері абыройлы еңбек атқарып келе жатқан  кітапханашылар А.Кенжебекова, Г.Садвакасова, Б.Сағындық, А.Мархабаеваларды мақтанышпен айтуға болады. С.Шағаланова осы бөлімге ұзақ жылдан бері басшылық жасауда.

Шара барысында  әр сала бойынша жасалған әдебиеттердің тізімі магистранттарға, қонақтарға ұсынылды. 

Новинки книг

Авторизация

<< < Март 2017 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />