Пятница, Декабрь 15, 2017

Осы аптада №9 студенттер үйінде  Ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 80 жыл толуына орай,  «Жанам деген жүрекке от беремін» атты музыкалық кеш болып өтті.

Кешті өткізудегі басты мақсат, қазақ халқының рухани мәдениетінің ірі тұлғаларының бірі – Төлеген Айбергеновтың өмір жолы мен асыл мұраларын оқырмандарға таныстыру арқылы жас ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие  негіздерін қалыптастыру негізге алынды.

Тарихы терең қазақ жырының дамуына, оның қорын байытуға бар таланты мен дарынын, күш-қуатын аямай жұмсаған, аты әдебиетімізге алтын әріптермен жазылған аяулы ақындардың бірі –Төлеген Айбергенов. Ол-француздың Франсуа Вийоны, орыстың Михайл Лермонтовы, грузиннің  Николаз Бараташвилиі секілді өмірден жастай кетсе де артында мәңгілік шығармалар қалдырған жарық жұлдызы болып қалды.

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ... Бірақ...

Ешкімді билетпей қайтармаймын! - , деп ақынның жыр шумақтарынан шашу шашқан  «Өнер және мәдениет»  және «Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің студенттері Есентұраева Салтанат, Әбдіразақ Назгүл, Қайрат Ұлжан, Мағзам Айкөркемдер  ақынның өмірбаяны мен жырларынан  үзік-үзік өлең жолдарын  оқып, кештің  реңкін айшықтандыра түсті.

Қысқа уақыт ішінде туған халқының әдеби мұрасын, рухани құндылығын игеріп үлгерген ақын әңгіме, әдеби мақала, очерк, ой-толғақ, күнделікте жазған. Сонымен қатар, ақынның өлеңдеріне жазылған «Ақерке Ақ Жайық», «Жаңғырған Маңғыстау»,  «Қазақстан»,  «Атамекен»,  «Сағыныш» т.б  бірқатар әндері  ел арасында  шырқалып жүр.

Кеш барысында  «Өнер және мәдениет» факультетінің оқытушысы А.Исагулова ақынның бірнеше әндерін әуелете шырқады. Сондай-ақ студенттер ақынның «Мені ойла»,  «Атамекен», «Ақерке-Ақ жайық» атты өлеңдерін нақышына келтіре орындап, көрермендерге үлкен қуаныш сыйлады.

Кеш соңында  кітапханашы Ү.Нұрекеева Т.Айбергеновтың шығармалары бойынша ұйымдастырылған кітап көрмесі, слайдтармен таныстырып,   кешке қатысқан барлық қонақтарға  алғысын білдірді.

Новинки книг

Авторизация

<< < Март 2017 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />