Среда, Июль 18, 2018

«Ұлттың ұлы ұстазы»

 Ағартушы, мемлекет қайраткері, педагог, ақын Ахмет Байтұрсыновтың туғанына   145 жыл  толып отыр. Осыған орай, Ғылыми кітапханада ақынға арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби кеш өтті. 

Кештің мақсаты Ахмет Байтұрсынов өмірі мен еңбектерін оқырмандар арасында кеңінен таныстыру, қазақтың танымал тұлғаларын насихаттау болды.

Шараға Шолпан Байтұрсынованың қызы Айман Қабиденқызы, ахметтанушы, ғалым, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің доценті Имаханбет Райхан Сахыбекқызы, докторант, ұлағатты ұстаз Санат Жұмабайұлы, ҚазҰУ-нің патриот жастарынана құрылған «Маса» ұйымы, Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының оқытушысы Тұрсынбай Дәуітұлы, жаратылыстану факултетінің тәрбие ісі жөніндегі деканның орынбасары  Жасұлан Қойлыбаев,  студенттер және  кітапханашылар қатысты.

 

Кешті «Назқоңыр»  үйірмесінің қыздары жүргізіп, қонақтарды таныстырып өтті.

Шара барысында сөз алған Айман Қабиденқызы қысқаша атасы туралы және өз өмірі жайлы  есінде қалған кейбір мәліметтерді  айтып өтті.

Райхан Сахыбекқызы Ахмет Байтұрсынов туралы нақты мәліметтер бере отырып, ұлт ұстазының  ұлт тіліне деген құрметіне баса тоқталды.

Райхан Сахыбекқызы  айтуынша  Ахмет Байтұрсынұлы музейін мемлекеттік меншікке  алып, мәртебесін республикалық деңгейге көтеруі, ғалымның 10 томдық шығармалар жинағын шығару  жайлы көптеген мәліметтерге тоқталды. Ал ең өзекті мәселе – Ахмет Байтұрсынұлы музейіне мемлекеттік мәртебе беріп, оны республикалық бюджет тарапынан қаржыландыру қажеттігі керек екендігі маңызды екенін айтып өтті.

Райхан Сахыбекқызы А.Байтұрсынов туралы жазған еңбектерін кітапхана қорына  сыйға тартты.

Бұдан кейін сөз алған ұлағатты ұстаз Санат Жұмабайұлы қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа бастаудан жалықпаған  Ақаң туралы студенттерге толымды әңгіме айтып берді.

Кітапханаға арнайы шақыртумен келген А.Байтұрсынұлының ізін жалғастырушы ҚазҰУ-нің студентері, патриот жастарынан құралған «Маса» атты ұйымның жігіттері  өз өнерлерін көрсетті.

Кеш барысында «Назқоңыр» үйірмесінің қыздары  ақынның өлеңдерінен үзінділерін нақышына келтіре оқыса, оған қоса  ақынға арнаған өз жүректерінен шыққан жүрекжарды арнау өлеңдерін көпшілікке арнады.

 

Новинки книг

Авторизация

<< < Март 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />