Пятница, Апрель 19, 2024

Жаратылыстану факультеті бойынша өткізілген «Кафедра күні»

Жуырда  Ғылыми кітапханада  Жаратылыстану факультетімен «Кафедра күні» өткізілді.

Кафедра күнін өткізудегі мақсат кафедралар мен кітапхана  арасындағы байланысты нығайту және факультет оқытушыларына, студенттерге факультет профилі бойынша кітапхана қорындағы оқулықтарды, баспа басылымдарын, электронды оқулықтарды  таныстыру , кафедраларды кітаппен қамтамасыз ету тақырыбын егжей-тегжейлі таныстыру болды.

Шараға Жаратылыстану факультетінің деканы Қ.О.Кішібеков, география және туризм кафедрасының меңгерушісі К.Н.Мамирова, биология кафедрасының меңгерушісі Л.Е.Ануарова, химия кафедрасының меңгерушісі Мырзахметова, профессор К.Е.Есмағұл, оқытушылар Т.О.Абишева, М.Е.Тоқсабаева және биология мамандығы бойынша білім алып жатқан магистранттар, кітапханашылар мен студенттер қатысты.

Шара барысында кітапхана тарихы, кітапхананың барлық бөлімдерінің атқаратын қызметтері туралы жан-жақты таныстырылып, слайд көрсетілді. Сонымен қатар, жаратылыстану факультетінің тарихы туралы   баяндама оқылды.

Іс-шарада оқытушылар кітап қорын толықтырудың негізгі принциптерімен танысып, оған қоса кітап сатып алу үшін тапсырыс беру, жаңадан енгізілген пәндер бойынша   оқулықтар сатып алу керек екендігі,  кафедраның профилі бойынша ағылшын тіліндегі  оқулықтар, баспа басылымдары, оқытушылардың еңбектерінің электронды  нұсқасын пайдалану мүмкіндігі туралы ашық әңгіме  өрбіді.

«Кафедра күнінде» кафедра қызметкерлері өздеріне қажетті материалдармен толықтай танысып, өз ризашылықтарын білдірді.

Шара соңында кафедраның ең белсенді оқырмандар алғыс хаттармен марапатталып,  жаратылыстану факультетінің жанынан құралған «Табиғатым-тағдырым» атты ұйымының дайындаған сахналық көрінісі және  сессия алдындағы студенттерге арналған ырым-тыйымдары туралы  әзіл монологы  жиналған қауымның  көңілін серпілтті.

Новинки книг

Авторизация

<< < Апрель 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />