Среда, Июль 18, 2018

Ғылыми кітапханада оқырмандар клубы ашылды

Ғылыми кітапхана «Рухани жаңғыру» аясында белсенді студенттерден ұйымдастырылған «Руханият» атты оқырмандар клубының тұсауын кесті. Клубтың алға қойған мақсаты - кітапхана мен студенттерді кітапхана өмірімен, кітапхана тынысымен тығыз байланыста болуға, түрлі іс-шаралар өткізуге белсене ат салысуға шақыру. Жастарды азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, студенттердің бос уақытын ұйымдастыру, ақыл-ойын дамыту. Өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ойларын жетік, ашық жеткізе білуге үйрету. Адамгершілік, адалдық, тәрбиелілік пен қатар салауаттылыққа тәрбиелеу. Сонымен бірге отандық жазушылардың көркем әдебиеті мен әлем классикалық әдебиетін насихаттауға; оқу дағдысын дамытуға, рухани және интеллектуалдық дамытудың негізгі көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту және авторлардың шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ақындарға, жас әдебиетшілердің мақалаларының мерзімді басылымдарда жариялануына көмектесу болып отыр.

Клубтың ашылу салтанатында күй орындалып, ән айтылып, жыр шумақтарынан өлеңдер оқылды. «Кітап оқы, сауатты бол!» - деп, келген көрермендерге, оқырмандарға үндеу тастау мақсатында лирикалық қойылым көрсетілді. Кеш соңында педагогика-психология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасар Айтжанова Эльмираға, ғылыми кітапхана директорының орынбасары Миркенова Светаға және кітапхана қызметкері Майраш Әкімжанқызына, университет сутденттерінен құралған «Еріктілер лигасының» төрайымына сөз беріліп, алғыс-лебіздерін білдірді.

Бүгінгі күні «Руханият» кітапхана оқырмандар клубы өз жұмыстарын бастады. Тек қана кітапханадағы өткізілетін іс-шаралар емес, университет көлемінде өтетін түрлі шаралаға белсене араласып келеді. Клубтың алда атқаратын ауқымды жоспарлары бар.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ұлы Абай айтқандай, кітап пен білімге құштарлық қай заманда да жеке адамның ғана емес, тұтас қоғамдық өркениеттің, мемлекеттік саясаттың басты ұстанымы болып келген, болып қала беретіні және ақиқат. Дүниедегі ізгілік атаулыға бастайтын жол кітаптан таралады. Бұл ғасырдан бергі ақиқат, бүгінгі күннің бұлжымайтын қағидасы һәм ертеңгі күнге де ескірмейтін ереже. Біздің өткеніміз бен бүгініміз, келешегіміз бен кемелдігіміз кітаппен байланысты болуы тіршілік заңы.

«Білім үйрен жалықпай, кітап оқы талықпай...» - демекші, кітап оқуға келіңіз!

 

Новинки книг

Авторизация

<< < Апрель 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />