Понедельник, Ноябрь 19, 2018

            «БУККРОССИНГ» акциясы

Кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту кітапхана оқырмандарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында бүгін Ғылыми кітапханада «БУККРОССИНГ» - кітап алмасу акциясы «Сіз оқыған кітап жалғасын тапсын» деген тақырыпта ұйымдастырылды.

«Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау», «кітаптың айналыста жүруі» дегенді білдіреді. Оны алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Кітаптың өз оқырманын табуына ықпал ететін бұл қозғалыс Америкада басталған болатын. Ал, Қазақстанда «буккроссинг» акциясы 2005 жылы қолға алынды.

Шараға, Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасының бастығы С.Шакирова, Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің бастығы Ж.Дильдебаева, оқытушылар, ұстаздар, студенттер, кітапхана мамандары қатысты.

– Қазіргі ғаламтор заманында жаппай кітап оқу азайып кеткен заманда «буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы болып табылады. Әлемдік жаһанданумен бірге біздің елге де аяқ басқан осы шараның ерекшілігі – кітаптың назардан тыс қалмай, қайта айналымға енуінде. Студент жастардың кітап оқуында өзін ғана ойламай өзге де құрбы достарын ойлап, оқыған кітабын келесі оқырманға беруі жақсы үрдіс, -деп Ғылыми кітапхана директоры Б.Бағашарова құттықтау сөз сөйледі.

«Буккроссинг» шарасына ең бірінші болып, педагогика-психология факультетінің студенттері белсенділік танытты. Атап айтқанда, дефектология мамандығының студенттері А.Байбатурова, Р.Бикулова, Н.Сапарова, Г.Малдыбаевалар өздері оқыған кітаптарды әкеліп, бірнеше кітаптар өз оқырмандарын тапты.

Ары қарай, «РУХАНИЯТ» кітапхана оқырмандар клубының мүшесі Басыбек Құндызай «Буккроссинг» туралы баяндама оқыды.

«Назқоңыр» ұйымы дайындаған кітап туралы, кітаптың білім көзі екенін негізге ала отырып ұсынған әдеби монтаж көпшіліктің көңілінен шықты. Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің мың бұралған бишілері Жасарқызы Гүлира мен Мұратпай Ақмарал би билесе, өнер және мәдениет факультетінің студенті Құрақпай Меруерт, сондай-ақ, қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің студенті Абира Назиралар әуелете салған әндері кітапхана фойесінде еріксіз қалықтады.

Шараның ең қызықты бөлімі квест ойыны болды. 6 әлем бойынша: жаратылыстану әлемі, музыка әлемі, тарих әлемі, педагогика әлемі, физика-математика әлемі және тіл-әдебиет әлемі бойынша ұйымдастырылған

««Кітап әлеміне саяхат» атты квест-ойыны қатысушыларды берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріп, 30 минут ішінде осы жерге келулері керек екендігі белгіленді. Ойынға 6 командадан 3 студент қатысып, өздерін жеңімпаз екендігін көрсетті.
 
Шара соңында ұйымдастырушылар барлық жеңімпаздарына, шара қонақтарына, «Назқоңыр», «Руханият» оқырмандар клубының белсенді оқырмандарына алғыс хаттар тапсырылды.
 
Кітапханада ұйымдастырылған акция бұдан кейінде өз жалғасын таппақ. Кітап –қымбат дос. Оны құрметтеп ұстап, кітаптан үйренген әрбір ізгілікті жұртқа үйретуден жалықпаған абзал.

Новинки книг

Авторизация

<< < Апрель 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 29
30            

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />