Пятница, Март 29, 2024

2015 жылдың қазан айының 20-21 жұлдызы аралығында   университеттің бас ғимаратының фойесінде Ғылыми кітапхана  «Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесін ұйымдастырудағы басты мақсат - оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, әр оқырманға жеке дара ұсыну.


Көрмеге кітап қорына 2015 жылдың үшінші тоқсанында  келіп түскен оқулықтар, көркем әдебиеттер, ғылыми басылымдар, анықтамалықтар қойылды. Ұсынылып отырған кітаптар арасында елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Созидая мир» атты еңбегі ұсынылса,   университеттің профессор оқытушылар құрамының ғылыми еңбектері, атап айтқанда, М.Қ.Бапаева «Даму психологиясы», К.Б.Жарыкпаевтың «Развитие казахской национальной психологии в историко-теоретическом аспекте», Г.Ә.Қаптағайдың «Жалпы физика курсынан есептер жинағы», Н.Б. Рахметованың «Тігін бұйымдарын құрастыру», Б.С.Асанова «Қазақстандағы кітапхана ісінің тарихы», Ш.Үсенбаеваның «Кітапхана каталогтары», Р.К.Қарсыбаевалардың «Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы» атты оқулықтары ұсынылса, сондай-ақ, сыншы, ғалым, филология ғылымының докторы Д.Ысқақұлының «Әдеби сын тарихы» атты оқу құралы, және  әр салаға арналған 30 томнан тұратын қазақша-орысша орысша-қазақша  терминологиялық сөздіктер, т.б   әдебиеттер көрменің сәнін айшықтандыра түсті.


Жалпы көрмеге түрлі саланы қамтитын 197 атаулы кітап қойылып, кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылды.  Көрмеге 200-ге жуық оқырмандар қатысып, көрмеден қажетті әдебиеттерді қарап, тамашалады. 

Новинки книг

Авторизация

<< < Октябрь 2015 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />