Четверг, Апрель 18, 2024

4 қазанда Ғылыми кітапханада ҚР мәдениет қайраткері, көптеген жыр додасының жеңімпазы, айтыскер ақын, «Қыздар университеті» баспасының директоры Серік Қалиевпен «Сен менің сырласымсың өлең деген...» атты кездесу кеші болды.


Кешке журналист Жылбек Сембекұлы, ҚазМемҚызПУ-дың ғылыми-педагогикалық құрамы, студенттер мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Ғылыми кітапхана директоры Бақытжамал Бағашарова: «Тарбағатай өңірінің тумасы Серік Акрамұлы тек қана өлең шығарып қана қоймай, айтыс әлемінің дүлділ ақыны. 30-ға жуық әннің сөзін жазған, Астанада, Баян-Өлгейде, Бішкекте, Ташкентте өткен көптеген республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Бүгін де Серік Қалиев университет баспасының директоры. Серік бауырымыздың өлеңдері отанды сүюге, имандылық тақырыбына, шындық, адалдыққа ұмтылыс, туған жер, отбасына арналған. Лирикалық өлеңдерінің өзіндік үні бар, сыршыл болып келеді. Жаныңда жүр жақсы адам дегендей, оның еңбегін бағалап, жазба поэзиясында толымды орны бар талант иесінің еңбегін оқырмандарға жеткізу, насихаттау болып отыр», – деп барша қауымға кеш қонағын да, шараның ұйымдастырылу мақсатын да таныстырып өтті.

Кеште сөз алған медиа орталық жетекшісі Д.Смайл: «Университет ішінде барлық ақпараттарды топтастыратын Медиа орталығы бар. Бұрын университетте баспа орталығы болмаған. Кейіннен баспаның директоры болуға осы Серік бауырымызды аттай қалап шақырып алдық. Серік ақынжанды адам. Жаны таза, мәдениеті жоғары айтыскер ақын. «Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңілер» дегендей, өз ортамызда жүрген осындай жаны жайсаң, рухы биік азаматты дәріптеуіміз керек», – деп атап өтті, сондай-ақ жақында университет қабырғасында жас ақындар арасындағы айтыстың өз мәресінде өткендігін, медиа орталығының есігі ақын болуға, шығармашылықпен айналысатын әрбір студент үшін қашанда ашық екендігін айтып өтті.

Кездесу барысында Кітапхана ұжымының дайындауымен болған Серік Акрамұлымен қырғыз ақыны Аалы Туткучевпен осыдан 4 жыл болған айтысы көрермен назарына ұсынылды. Осы айтыс жөнінде және өзінің шығармашылық, еңбек жолы, қазақ айтысының бүгінгі жай күйі туралы оқырманмен тұщымды ой бөлісті. Ақын Серік өзгеше қырларын көрсетіп, өзіндік сырларымен бөлісті. Кеште айтылған бұрын соңды айтылмаған қызықты деректерге келер болсақ,

Кеш барысында студенттер айтыс айналасындағы және ұлт мәселелері, жастық шағы туралы көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Осы орайда филология факультетінің 2 курс студенті: Мөлдір Аллабергенова «Университет қабырғасында талантты студенттер үшін осы айтыс өнеріне баулитын, айтыс өнерін дамытуға ұмтылып жүрген жастар үшін жақсы бір орта құруыңызды сұраймын», – деп өз ұсынысын білдірді.


Кештің әсерлі мағыналы өтуіне ақынның шығармашылығынан сыр шертетін өзі оқыған өлең жолдары, атап айтқанда, «Әкемнің ері», «Күз», «Қара қыз», домбыраға қосылып терме орындауы жұртшылықты үлкен әсерде қалдырды. Сондай-ақ, жас ақындар мүшәйрасының жеңімпазы Зура мен Серік ақынның арасындағы айтыс көрермен мерейін асқақтатты.

С.Қалиев кездесуді ұйымдастырған Ғылыми кітапхана ұжымына өз алғысын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі. Өлеңмен сусындап, рухани әдемі әңгімеден ләззат алып, тұщымды ойлармен көңіл көтерген студенттер осындай кездесулердің болашақта жиі өткізілуін қалайтындықтарын жетізді.

 

Нәзира ӘЛМЕКЕЕВА,
Ғылыми кітапхана әдіскері

 

Новинки книг

Авторизация

<< < Ноябрь 2015 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 5 6 7 8
10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />