Четверг, Март 28, 2024

10 ақпан, 2016 жылы Ғылыми кітапхананада Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі және «Өнер және мәдениет» факультетінің 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен  ақиық ақын М.Мақатаевтың 85 жылдығына арналған «Шындықтан туған-шын поэзия» атты әдеби-сазды кеш өткізді.

Кешке студенттер, оқытушылар және  әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі департаменттің директоры Е.Иманбаев және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Кештің ашылуында сөз сөйлеген Ғылыми кітапхана директоры  Б.Т.Бағашарова М.Мақатаевтың өшпес мұраларының өміршеңдігі мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі маңызды рөліне тоқталып өтті. Өз сөзінде: «Ақын М.Мақатаевты жасөспірімдер үшін баба, біз үшін аға деп құрметтейміз. Мұқағалидың өлеңдері өміршең, ақынның өлеңдерін бүгінгі күні әрбір исі қазақ баласы жатқа айтып, сүйіп оқиды. Бүгінгі күні Мұқаңның мерейлі мерекесі Республика көлемінде аталып өтілуде. Ғылыми кітапхана ұйымдастырған  осындай  іс-шаралар арқылы жас буынның поэзияға деген қызығушылығын, құрметін арттырсақ дейміз»,- деді.

Кештің өтуіне атсалысқан «Қазақ филологиясы әлем тілдер факультетінің, «Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті», «Жаратылыстану факультеті», «Өнер және мәдениет», «Педагогика-психология» факультеттерінің студент жастары кештің көркін қыздырды. Кеште ақынның  өлеңдерінен композиция жасап, көрермендердің көңілін бір сергітіп тастады. Ақынның «Арыз жазып кетейін», «Бақыт деген не өзі», «Бозқараған», «Үш бақытым», «Шеше сен бақыттысың» т.б туған жер, отан, махаббат тақырыптарына арналған өлеңдері оқылды.

Ақын туралы естеліктерді студенттер тебірене оқып, «Махаббат диалогынан» бір үзік көріністер қойылды. Филология факультетінің 1-2,3 курс студенттерінің  ақынға арналған жалынды жырлары тыңдалды. Студенттердің поэзияға, өлеңге деген құрметі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, әдемі кеш әсерлі көріністермен есте қалды.

Кеш соңында  университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі департаменттің директоры Е.Иманбаев   студенттер арасындағы жас ақындарға қолдау білдіретіні туралы ұсынысын айтып, ғылыми кітапханада өткен осындай мерейлі іс-шараға өз бағасын беріп, ризашылығын білдірді.

Кеште өз өнерлерін ортаға салған талантты аруларды  Ғылыми кітапхана басшылығы  алғыс хаттармен марапаттап, жастардың поэзия әлеміне деген талпыныстарының шыңдала беруіне  тілектес екенін білдірді.

Кеш барысында жиналған қауымның Мұқағали жырларына деген махаббаты, ерекше көңілі айрықша байқалып тұрды. Осындай әдемі кештер арқылы алты алаштың ардақтысына айналған ақиық ақын Мұқағали мұрасы  жас ұрпақ жадында жаңғыра түсері анық.

 

Новинки книг

Авторизация

<< < Февраль 2016 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29            

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />