Сейсенбі, Наурыз 19, 2024

Ғылыми кітапхананың тарихы, 1944 жылы негізі қаланған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының шағын кітапханасынан басталады. 

1984 жылдан бастап кітапхана жаңа ғимаратқа көшіріліп, оқырмандарға 1 абонемент,  4 оқу залдары арқылы қызмет көрсетіледі.

Кітапхана құрылымы 5 бөлімнен тұрады: Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі, Анықтама библиография және ақпарат бөлімі, Кітап қорын толықтыру және құжаттарды ғылыми өңдеу бөлімі, Кітап қорын сақтау бөлімі  және Электронды ресурстар орталығы.

Бүгінгі күні, 1 090 672 данадан тұратын,  бай кітап қорына ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдар, ПОҚ ғылыми еңбектері, оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер, мерзімді басылымдар, авторефераттар, диссертациялар, электронды оқулықтар, сирек басылымдар қоры, көркем әдебиеттер,  т.б. кіреді. 

Бірыңғай  оқырмандар билеті бойынша – 6200 астам оқырман тіркелген.

Кітапхананың оқу залдары – 450 орынға жасақталған.

4295  шаршы метрде орналасқан Ғылыми кітапхана, бүгінгі күні, өз кітап қорын әдебиеттермен және жаңа буын оқулықтарымен толықтыру мақсатында отандық, алдыңғы қатарлы баспаханаларымен тығыз байланыста жұмыс атқарады. 

 Сонымен қатар, жылсайын 195 аталым 275 комплект мерзімді басылымдарға  жазылу рәсімделеді, оның ішінде 129 аталымы  - мемлекеттік тілде.

Кітап қорындағы оқулықтың 6700 данасы электронды нұсқада берілген. Университеттің ПОҚ-ның ғылыми еңбектерінің электронды нұсқасы  жасалынып, оқырмандарға ұсынылуда. 

Қазіргі уақытта  Ғылыми кітапханаға Бақытжамал Тельманқызы Бағашарова басшылық жасауда.  Кітапхана ұжымында жоғары білімді  мамандар еңбек етеді.

Ғылыми кітапханада заман талабына сай «КАБИС.Full» Автоматтандырылған қазақстандық бағдарламасы арқылы оқырмандарға қызмет көрсету үдерісі жаңаша түрде жүргізілуде. Кітапханадағы қызмет түрлері автоматтандырылып, ақпаратты жедел іздеу және оған тапсырыс беру жеңілдетілді. Кітап қоры электронды мәліметтер базасына толық енгізіліп, құжаттарды оқырмандарға беру мен қайтару үдерісі штрих-код жүйесі арқылы  жүзеге асырылуда.

Ғылыми кітапхананың электронды паркі жаңа толқындағы  60 компьютерлермен, көшірме техникасымен, принтерлер  және  «Qidenus» cканерімен жабдықталған. Көпсалалы оқу залында интерактивті тақтаның орнатылуы кітапхана қызметінің инновациялық дамуының көрсеткіші болады.

Оқырмандарға Интернет желісі арқылы Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхананы (РМЭБ) (www.rmeb.kz), Thomson Reuters, Springer Link, Polpred және т.б компаниялардың ақпаратты-электрондық ресурстарын толығымен пайдалануға жағдай жасалған. Кітапхананың сайт мәзірі (http://lib.kazmkpu.kz/info/kz/) жаңартылып, оқырмандар «Кітапханашыдан сұра» атты виртуальды анықтама қызметін пайдалана алады.

Оқу залдарында оқырмандар үшін  ашық қор ұйымдастырылған. Оқырмандардың қажеттілігі үшін осы қордың   маңызы зор.

Кітапхана қабырғасында әртүрлі деңгейде ақын жазушылар, танымал тұлғалармен қызықты кездесулер, қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер, конференциялар, ашық есік күндері  жиі өткізіліп тұрады. Әр шараға кітаптар көрмелері ұйымдастырылады. Көпшілік іс-шаралар өткізу барысында Ғылыми кітапхана  Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі департамент қызметкерлерімен тығыз байланыста.

Кітапхананың негізгі мақсаты - білім беру  нарығында жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университеттің ғылыми-зерттеу үдерістеріне  кітапханалық-ақпараттық  қолдау  көрсету  болып  табылады. 

 Ғылыми кітапхананың құрылымдық бөлімшелері:

  • Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі (абонементтер, оқу залдары)
  • Анықтама-библиография және ақпарат бөлімі (мерзімді басылымдар оқу залы)
  • Кітап қорын толықтыру және құжаттарды ғылыми өңдеу бөлімі
  • Кітап қорын сақтау бөлімі
  • Электронды ресурстар орталығы 

Жаңа кітаптар

<< < Наурыз 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кітапхана мекен жайы: Алматы қаласы, Әйтеке би қөшесі 99.

Байланыс телефондар: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50

факс: 8 (727) 233 19 25

Рейт<span id=This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." />
Рейт<span id=This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." />