Жұма, Қараша 22, 2024

Елбасы елдің тірегі

Бүгін Ғылыми кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне арналған "Елбасы елдің тірегі" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. 
Шараның мақсаты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы студенттерге толық мәлімет беру, өз Отанын, туған жерін шексіз сүюге, қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу болды.
Шараға университет студенттері мен кітапханашылар қатысты.
Шарада Елбасының өмірбаяны, Елбасы басшылық еткен ел тәуелсіздігінің 27 жыл ішінде болған түрлі жетістіктері туралы қызықты ақпараттар айтылды.

Филология факультетінің 1,2 курс студенттері Ұ.Туғанбай, Ф.Нурланова мен Т.Рахымғали аудиторияға викториналық сұрақтар қойса, Педагогика және психология факультетінің М.Татимова, Әлеуметтік -гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті А.Иманбектер өз шығармашылықтарынан Елбасына арнаған арнау өлеңдерін оқып, көпшілікті сүйсінтті.

Сондай-ақ , бас кітапханашы Г.Қалиева "Гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 кітап" жобасы туралы және Елбасының еңбектері ұсынылған кітап көрмесіне шолу жасап, Президент еңбектерін көпшілікке таныстырды. 

Жыл сайын Ғылыми кітапханада Тұңғыш Президент күні дәстүрлі түрде аталып өтіп келеді. Елбасы бүгінгі күні жастар үшін барлық жағдай туғызып отыр. Сондықтан да жастардың алдында бір міндет тұр, ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз,- деді Ғылыми кітапхана директорының орынбасары С.Миркенова. 

Кеш соңында Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Күрішбекова шараға белсене қатысқан студенттерге алғыс хаттарды табыс етті

Жаңа кітаптар

<< < Желтоқсан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Кітапхана мекен жайы: Алматы қаласы, Әйтеке би қөшесі 99.

Байланыс телефондар: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50

факс: 8 (727) 233 19 25

Рейт<span id=This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." />
Рейт<span id=This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." />