Жұма, Сәуір 26, 2024

Кеше Ғылыми кітапханада дәстүрлі "Ашық есік" күні ұйымдастырылды. Іс-шараға университет басшылары, факультет декандары, профессор-оқытушылар құрамы және студенттер шақырылды. 

Кітапхана фойесінде "Кітапхананың бүгіні мен ертеңі" атты кітапхана жетістіктері туралы видеотур көрсетіліп, дәстүрлі және электронды оқулықтар көрмелері, мерзімді басылымдар жиынтығы оқырмандарға ұсынылды. Оқырмандар өзіне қажетті әдебиеттермен танысып, қуаныштарын жасыра алмады. Кітапхана басшысы Б.Т.Бағашарова кітапханада көп жылдар еңбек еткен Ш.Нүсібалиева мен Г.Садвакасованы зейнеткерлік жасына шығуымен құттықтап, "Ұлағат", "Құрмет" төсбелгілерімен марапаттады.

Сонымен қатар, бірқатар кітапхана қызметкерлеріне алғыс хаттар берілді. Бұл жолы кітапхананың тұрақты оқырмандары да назардан тыс қалмады, "Ең үздік" оқырман, "Ең белсенді оқырман", "Кітапхана жанашыры" номинациялары бойынша профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер марапатталды.

Жаңа кітаптар

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
25 26 27 28 29 30
31            

Кітапхана мекен жайы: Алматы қаласы, Әйтеке би қөшесі 99.

Байланыс телефондар: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50

факс: 8 (727) 233 19 25

Рейт<span id=This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." />
Рейт<span id=This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it." />