Четверг, Март 28, 2024

Әжемнің әңгімесі

28 қараша күні Ғылыми кітапхананың "Кітап қорын толықтыру және құжаттарды ғылыми өңдеу" бөлімінің қызметкерлері №5 жатақханада Педагогика және психология факультетінің студенттеріне арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Әжемнің әңгімесі..." атты іс-шара ұйымдастырды. 

Іс-шара мақсаты, ұлттық кодты жаңғырту, кафедралармен тығыз байланыста болу, кітап оқуға тарту, студенттерді әжелерден қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді бүгінгі жастарға ұғындыру.

Кітапхана мен кафедра арасында байланыс орнатуда Өнер және мәдениет факультетінің "Кітапханатану және библиография" кафедрасының меңгерушісі Г.И.Нұржанова әрқашан қолдау көрсетіп келеді. Аталған іс-шараға кафедра эдвайзері А.Байдарова студенттердің шығармашылық дамуына қолдау көрсетті. 

 

Іс-шарада "Кітапхана ісі" мамандығының 1 курс студенттері атап айтсақ: Г.Сапарай, М.Меңлібаева, Ж.Мейрамбек, М.Тайтілеуова, С.Ынтымақ, А.Тойгулова,Н.Күмісбек, А.Тәжіхан сынды студенттер отбасының әдебіне байланысты қойылым ұйымдастырып, сұрақ-жауап, сондай-ақ, үш тұғырлы тілге негізделген аудиториямен жұмыс, әжелерге, аналарға арналған мақалдардың жалғасын табу сынды қызықты ойындарды жүргізді. 
Әжелер туралы белгілі ақындардың өлеңдерін оқып, ән айтылып, қыздардың ажелеріне, ауылдарына деген сағыныштары қызықты, әсерлі әңгімелермен ұласты. Жұмбақтың шешімін тапқан қыздарға сыйлықтар берілді.
Іс-шарада белсенділік танытқан "Кітапхана ісі" мамандығының 1 курс студенттеріне алғыс хаттар табысталды.


Өткізілген 
іс-шараның студенттер үшін әсерлі болғандығы, осындай игі шаралар бүгінгі жастарға берері көп екендігіне студенттер өз ризашылықтарын білдірді.

Новинки книг

Авторизация

<< < Ноябрь 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29    

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />