Суббота, Август 24, 2019

Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

Қазақстанда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты жоба Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы  аясында жүзеге асырылуда. Аталған шара бойынша Ғылыми кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі №4 жатақханада жаңа 17 оқулыққа арналған шолу, таныстыр

у шарасы ұйымдастырылды.

Шараға Қоғамдық ұйымдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы А.Несипбаев, «Жан шуағы» психологиялық орталығының психологы  М.Құрбанбай, №4 жатақхана коменданты Р.Тенизбаева  және физика-математика факультетінің студенттері, кітапханашылар қатысты.

- Елбасымыз ұсынған «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да уақыт талабынан туындап отыр. Дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін, әлемдік деңгейдегі ең озық оқулықтардан, ғылыми әдебиеттерден білім алған абзал. Аталған оқулықтарға университет ұстаздары мен  студенттерінің қызығушылығы мен сұранысы өте жоғары.  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінде жаңаша гуманитарлық білім беруге ерекше мән беруінің сыры тереңде жатыр,- деді бөлімше меңгерушісі Ә.Қасымбекова.

Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультетінің 1 курс студенті Қ.Курбанбекова В.Фромкин., Р.Родман.Н.Хайамстардың «Тіл біліміне кіріспе» атты оқулығына нақтылы шолу жасады.

Қорыта айтар болсақ, бұл оқулықтардың барлығын әлемнің үздік университеттерінде, мысалы, Кембридж, Гарвард, Оксворд, және Мәскеу университеттерінің студенттері кеңінен пайдалана

ды. Сондықтан бұл жобаның аясында қазақстандық студенттер, оқытушылар, ғалымдар мемлекеттік тілде әлемдегі ең

 танымал университеттердің оқулықтарына қол жеткізуі өте маңызды болып табылады.

 

Новинки книг

Авторизация

<< < Ноябрь 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29    

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />