Понедельник, Октябрь 07, 2024

Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз 

2018 жылы 11 желтоқсан күні Ғылыми кітапхананың «Кітап қорын толықтыру және құжаттарды ғылыми өңдеу бөлімі» мен «Кітапхана ісі» мамандығының студенттері бірлесе ұйымдастырылған ҚР Тәуелсіздігінің 27 жыл толуына орай Рухани жаңғыру аясында «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты іс-шара өтті. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заң қабылданды. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп жатқан игі істер тек халық үшін жасалынып жатқаны бәріміз мәлім. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы тәуелсіздіктен бастау алады. Тәуелсіздік – біздің басты игіліміз, баға жетпес құндылығымыз.
Іс-шараның мақсаты Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы, Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат бере отырып, Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында кеңінен танысу болып табылады. 
Шара еліміздің ән ұранымен басталды. Ғылыми кітапхана директоры Б.Т.Бағашарова жиналған көпшілікке жүрекжарды тілегін жеткізіп, мерекемен құттықтады.

Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі сыртқы жағдайын сипаттап беру үшін «Кітапхана ісі» мамандығының 1 студенттері Бектұрғанова Балжан, Өтепбергенова Аяжан баяндама жасады. Іс-шара «Шашу» биімен жалғасын тапты (Тойгулова А., Әліби М., Әбілқасым Р.). 
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп «Тәуелсіздік керек, қазақ халқының өз көсемі сайлансын» деген ұранмен шеруге шықты. Сол кездегі жағдайды «Кітапхана ісі» мамандығының 1 студенттері саханалық көрініс арқылы жеткізді. Көріністің өте әсерлі, сәтті шыққанына барлық көрермен куә болып, көздеріне жас алды. 

 

 

 

Ақын жазушыларымызда осы оқиға жайлы көп сыр шерткен. Сол жазушылардың өлеңдерінен С.Ынтымақ, С.Әлік, Н.Күмісбектер үзінділер оқыса, университетіміздің көркем сөз оқу шеберлері, жас ақын қыздарымыз А.Сексенбаева, Т.Алпыспаева, Г.Жанназарова, С.Тлепбаевалар ел Тәуелсіздігіне арнаған арнауларын тарту етті.

Іс-шара қонағы, тарих ғылымдарының кандидаты Арынов Жұмақан Мақанұлы сөз сөйлеп, кітапханада өткізілген осындай тағылымды шаралар кітапхана мен кафедраны байланыстыратынын, кітапханамен әрдайым тығыз ынтымақтастықта екендігіне сенімділік білдірді.
Іс-шараны қорытындылап, ұйымдастыруға белсенді қатысып, атсалысқан оқытушыларды – Туменова С.М., Бугыбаева К.Х., Арынов Ж.М., Көшекова А.А., және жас ақын Жаратылыстану факультетінің 1 курс студенті С.Тлепбаеваны Ғылыми кітапхана директоры Б.Т.Бағашарова марапаттады. Ұйымдастырушыларға зор алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі. 
Шараның соңы «Желтоқсан желі» әнімен аяқталды.

Новинки книг

Авторизация

<< < Декабрь 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />