Понедельник, Октябрь 07, 2024

Ел тірегі – Елбасы

29-қараша күні Ғылыми кітапхананың Анықтама-библиографиялық және ақпарат бөлімінің қызметкерлері мен «Ақ қауырсын» ақындар клубының ұйымдастыруымен  1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған  «Ел тірегі - Елбасы» атты әдеби-сазды кеш өтті.   

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні -1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам.  2011 жылғы 10 желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы президент күнін атап өту  Қазақстан Республикасының президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады.  Бұл Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

Іс шараның негізгі мақсаты қазақ  халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы  мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; жастар жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Кітапханаға жастарды баулу, студенттермен жұмыс жүргізе білу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Филология факультеті мен Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1-курс студенттері Амантайқызы Таңнұр, Салимбаха Бақытгүл, Оразбек Гүлсая, Асылбек Айгерім, Алпысбаева Толғанай сынды өнерлі жас ақын қыздарымыз қазақтың ұлы ақындары мен өздерінің шығармашылығынан туындаған өлеңдерінен Тұңғыш президентімізге арналған арнауларын оқыды.

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуі керек.  «Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, еліміздің көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен» - дей келе ең алдымен еліміз осы күнге дейін қандай әлемдік деңгейдегі шараларға қатысты және өткізгендігі туралы  «Жылдар сөйлейді» атты сахналық қойылым көрсетілді.

 

«Патриоттық әнге қалай қарайсыз?» - атты әуенді тап көңілді ойынмен жалғасып, көрермендермен ойын ойнатылды.  Ән атаулары, әннің мәтінінен кеспе сөздер беріліп, әнді жалғастырып орындау керек сынды көңілді ойынға кеш қонақтары белсене қатысып отырды.

Кеш соңында Ғылыми кітапхананың директоры Б.Т.Бағашарова, Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі А.Ә.Күрішбекова «Ақ қауырсын» ақындар клубының төрайымы филология факультетінің 3 курс студенті Эсентураева Салтанат пен студенттерге алғыстарын білдірді.

«Елі еріне, ері еліне» сенген еліміз бен Елбасымыздың мәртебесі әлем елдері алдында мәңгілік биіктей берсін!

Новинки книг

Авторизация

<< < Ноябрь 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29    

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />