Понедельник, Май 21, 2018

Кітапханада өткен «Кафедра күні»

4 сәуір күні Ғылыми кітапханада Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Педагогика-психология факультетімен бірлесе «Кафедра күні» ұйымдастырылды.

Кафедра күнін өткізудегі басты мақсат - оқырмандарды ақпараттық ресурстармен, жаңа технологиялармен және мамандарды кітапханалық-ақпараттық ресурстармен таныстырып, кафедра мен кітапхана арасында жұмыстың жандануын арттыру болды.

Шараға факультет кафедраларының меңгерушілері Т.Б.Байназарова, С.Мұратбаева, Г.Оразаева және аталған кафедралардың профессор-оқытушылары құрамы және студенттер, ал кітапхана тарапынан кітапхана директоры Б.Бағашарова кітапхана мамандары қатысты.

-ХХІ ғасыр ақпарат, білім, ғылым ғасыры. Бүгінгі күні кітапханада университеттің Ғылыми кітапханасы ҚР Білім және ғылым министірлігінің қаулысына сәйкес, Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы шығарған «Білім жүйесінің кітапханаларына арналған кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік құралдар», университеттің стратегиялық жоспарын, Ректордың бұйрықтарымен қаулыларын басшылыққа алып жұмыс атқаруда. Университеттің кітапханасы 5 бөлімнен тұрады. Жалпы кітапхана қорында 1 090 данадан астам басылымдар жинақталған. Оқырмандардың кітапханаға деген қызығушылығы, олардың сұранысын сапалы орындау жұмыстары жақсы жолға қойылуда. Ал кітап қорын толықтыру университеттің профиліне сай, кафедралардың берген тапсырысы бойынша және сыйға берілген кітаптар арқылы толықтырылады,- деді А.Күрішбекова.

Бұдан кейін кітапхана мамандары кітапхананың 5 бөлімі туралы нақты мәліметтер келтіріп , слайд бойынша әр бөлімнің атқаратын қызметі туралы баяндап өтті.

Шара қонақтарының түрлі сұрауларына кітапхана мамандары жауап берді.

Шара соңында аталған кафедраның белсенді оқытушылары,Р.Набуова, Л.Тұрлығазықызы, Д.Төлебаев, Т.Байназарова, Л.Сейдахметова, Г.Мұратбаеваларға алғыс хаттар табысталды.

Әр жыл сайын үнемі өткізіліп тұратын кафедра күнінің кітапханаға берері көп, кітап қорын толықтыруда жаңадан енгізілген пәндер бойынша жаңа оқулықтармен толықтырылуы, көп сұранысқа ие болмайтын көптеген оқулықтар, кітапхана жұмысындағы жаңа үдерістер кафедралармен тығыз байланыс орнатуға үлкен септігін тигізетіні айдан анық.

Новинки книг

Авторизация

<< < Апрель 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
            1
2 3 4 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />