Суббота, Декабрь 15, 2018

Кітапханашылар съезі

2018 жылы қыркүйектің 13-14 күндері аралығында ҚР Ұлттық кітапханасында "Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік мәдени институты" атты Бүкілқазақстандық кітапханашылар съезі өтті. Съезге 200-ден астам кітапханашы, оның ішінде 182 – қазақстандық делегаттар, 16 - шетел кітапханаларының жетекшілері қатысты.
         Съезге Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова,  Ресей мемлекеттік кітапханасының  бас директоры В.В.Дуда, Беларусь Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Р.С.Мотульский, Б.Н.Ельцин атындағы Президенттік кітапхананың ақпараттық ресурстар жөніндегі директоры Е.Д.Жабко, ЮНЕСКО өкілдері, АҚШ Конгресінің кітапханасының түрік тілдерінің маманы М.И.Назарова, Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры К.К.Сейтова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі музейлер және кітапханалар басқармасының басшысы  Г.А. Пазылова,  ақын Олжас Сүлейменов, ғалым-шығыстанушы Әбсаттар Дербісәлі,  Қазақстан Жазушылары одағының төрағасы Ұ.О. Есдәулет, Алматы қаласының мәдениет, білім салаларының кітапханалары басшылары, т.б көптеген кітапханашы мамандар  қатысты.

        ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов құттықтау сөз сөйлеп, съезд жұмысының жандануына жылы лебізін білдірді.  Съезд жұмысы 2 күнге созылды.

        Қазақстан  кітапханашыларының съезі соңғы рет 1998 жылы өткізілген. Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған шара өз шеңберінде өтті.

        Бүкілқазақстандық съезд – түрлі аймақтық деңгейдегі көпшілік кітапханалардың, ғылыми, техникалық, жоғары оқу орындарының және мектеп кітапханаларының мамандары, бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері,  бизнес серіктестік және ұқсас ұйымдардың еліміздегі  кітапхана ісінің мәселелерін сапалы шешу, сапалы адами капиталын қалыптастыру тұжырымдамасын анықтау,  республикадағы  кітапхана  қорын цифрландыру жолдары, ақпараттың  қолжетімділігін  заңнамалық қамтамасыз ету және басқа да өзара іс-қимылдарды талқылайтын, ресурстар мен мүмкіндіктерді біріктіретін кәсіби диалог алаңы. Яғни, мәдени шараның негізгі мақсаты – кітапханалардың  қоғамдағы  рөлін  көтеру,  дүниежүзілік  ақпарат кеңістігіне ену.

Съездің ресми бөлімінде  Қазақстанның әр өңірлерінен келген кітапхана басшылар және озат кітапханашылар марапатталды. ҚР БҒМ Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры А.А.Насырова бірқатар кітапхана басшылары мен кітапхана мамандарын құрмет  грамотасымен марапаттады. Солардың қатарында,  Ғылыми кітапхана директоры Бақытжамал Тельманқызы Бағашароваға Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігінің "Құрмет грамотасы" табысетілді.

           Съезд шеңберінде:  кітапхана  директорларының отырысы, тақырыптық секциялық кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.          

Кітапхана саласының жетекші шетелдік  мамандарының қатысуымен фокус-тренингтер, шеберлік-сыныптары, тәжірибелік сабақтар, Астана және Ақмола облыстарының кітапхана қауымдастығымен мерекелік – онлайн-кездесу өткізілді.

 

 

Новинки книг

Авторизация

<< < Сентябрь 2018 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />