Пятница, Декабрь 15, 2017

23 ақпан күні сағат 9.00-де Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің №1 оқу ғимаратында, Л-5 лекция залында ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына орай, «Жүз жасаған - бәйтерек» атты әдеби кеш өтті.

Әдеби кештің өтуіне ұйытқы болған  Ғылыми кітапхананың Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі және Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор С.М.Түменова, сонымен қатар, өнер және мәдениет факультетінің   «5В091000-Кітапхана ісі» мамандығының 3 курс студенттері.

Кештің ашылуы салтанатын Ғылыми кітапхананың «Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің»  меңгерушісі А.А.Куришбекова сөз сөйлеп:«Жыр алыбы Жамбыл атамыздың мерейтойы қарсаңында қазақтың бір перзенті ретінде біз де қарап отыра алмадық, осындай әсерлі әдеби кешті өткізу себебіміз, Жамбыл бабамыздың артында қалдырған бай мұрасын аз да болса жас ұрпақтың есіне салып, оның шығармашылығы жайлы баяндау.  Атаның ақындық талантын өскелең ұрпақтың жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуді ұғындыру. Кітапхана қорында жинақталған Ж.Жабаев шығармаларын оқырмандарға кеңінен ұсыну»,- деді.

Жамбыл Жабаев 1846 жылдың 28 ақпан күні Жамбыл тауы етегінде дүниеге келген. Ол қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өдең сөздің дүлділі, жырау, жыршы. Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы –екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді.

Жамбылдың ерте уақыттағы өлеңдері «Көрғұлы»  (15 күн ұдайы айтады екен), «Ерназар-Бекет», «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы», «Тезекбай мен Сүйінбай», «Жамбыл мен Құлмамбет айтысы», «Абылай ханның Бұқар жырау мен үш жүздің арасын аралағаны», «Шежірелер», «Әр түрлі термелер» атты шығармалары болып табылған.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметті 1925 жылы «Терме» журналы альманағына Шамғали Сарыбаев берген. Осы мәліметтер негізінде 1936 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жамбыл ақын фольклорды көп біледі» атты мақала жариялады.

Шара барысында студенттер ақынның өмірбаянын оқумен қатар,  «Кәмшат қыз», «Менің өмірім», «Алғадай туралы», «Балама хат», «Отанды сүй» атты өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Сондай ақ, кештің көрігін қыздыратын «Атамекен», «Майтөбе» өлеңдерін арулар шарықтата орындады.

Шара соңында кітапхана қызметкері Ә. Қасымбекова аталған кешке арнайы ұйымдастырылған  «Жыр алыбы -Жамбыл» атты кітап көрмесіне шолу жасап, студент қауымды ақын шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырып өтті. Көрмеге «Халық менің шын атым», «Дастан ата», «Туған елім», «Жүз жыл жырлаған жүрек» т.б екі томдық кітаптары мен көптеген журналдар қойылды.

Ж.Жабаев - Ұлы даланың жыршысы екенін, шындықты замана болмысын жасырмай суреттегенін, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауысымен жырлағандығын кештің ұйымдастырушылары  тыңдарман   қауымға жеткізе алғандай болды.

Новинки книг

Авторизация

<< < Февраль 2016 > >>
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29            

Адрес библиотеки: г. Алматы, ул. Айтеке би, 99

Контактные телефоны: 8 (727) 233 19 25, 233 18 50, 

факс: 8 (727) 233 19 25 

Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />
Рейт<span id=Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра." />